Алматыдағы көшелердің бірі жаз бойына жабылады

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Ғабдуллин, Хамит Ерғали жағалауы, Бұқар жырау желекжолы және Байтұрсынов көшелерінің аралығында құбыржолды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметіне сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 20 мамырдан бастап 1 тамызға дейін Римский-Корсаков көшесінде және Ғабдуллин көшесінің бір бөлігінде автокөліктер қозғалысы жабылады.

Жалпы ұзақтығы 2,7 км болатын жылу трассасы 220-дан астам қала объектілерін жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы кезеңде Бостандық ауданының тұрғындарына ыстық су беру уақытша құбыржол арқылы қамтамасыз етіледі.

Фото: Алматы жылу жүйесі

Еске салайық, Алмалы және Бостандық аудандарында 20 мамыр күні су уақытша өшіріледі.