ТЖД мәліметінше, қойма ашық жалынмен жанғаны анықталған.
Өртті сөндіруге 85 құтқарушы және 22 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды, сондай-ақ өрт сөндіруге арнайы автопойыздар қосылды.
— Қазіргі кезде зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртті сөндіру қиынға соғып жатыр, өйткені ғимарат құрылысы күрделі және жалын көлемі жоғары. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.