Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі.
— Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы жағында атқарылады. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдері жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған едік.