Алматыдағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
— Алматының таулы аймақтарында жауын-шашынға байланысты 11 мамыр күні өзендердегі су деңгейінің көтеріліп, кейбір аумақтарда су тасуы мүмкін, — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Сондай-ақ 12 мамыр түнінде найзағай ойнап, нөсер жауын болады.
— Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлері мен өзен арналарына жақындамауға шақырамыз, — деп атап өтті ведомстводан.
Осыған дейін «Қазгидромет» РМК ел аумағында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр жауатыны туралы ескерткен.
Алдағы аптада Алматы облысында аптап ыстық болады. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына үндеу жолдады.