АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыдағы Сайран көлін абаттандыру жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындармен кездесуінде мәлім етті.
Мегаполис басшысының айтуынша, былтыр конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылды.
«Сайран көлінің жағалауын нығайту жұмыстары басталды. Тастақ шағынауданында көрсетілген аумақты реконструкциялау жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - дейді Ерболат Досаев.
Бұған дейін аталған көлдің түбін тазарту жұмыстары жүргізілгені туралы жазған едік.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.