Алматыдағы Сайран көліне жасөспірім батып кетті
18:36, 25 Маусым 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы Сайран көліндегі жағдайға қатысты тергеу бастады.
– Көлге кәмелетке толмаған екі баланың түскені анықталды. Бірі өз бетімен жағаға шықты, екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздеу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 112- ге мұндай ақпарат түспенгенін жеткізді.
Осыған дейін Сайран көлінде абаттандыру жұмыстары аяқталмай жатып, тазалық мәселесі туындағаны туралы жазғанбыз.
Айта кетейік, қала басшысы Сайран көлінің абаттандыруна қатысты мердігерге ескерту жасады.