Алматыдағы телерадио мұнарасына жаңа сәулеттік жарық орнатылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан телерадио хабар тарату мұнарасына сәулеттік жарықтандыру орнатылып жатыр.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жаңартылған жарық мұнараның айрықша сәулетін айқындап, қаланың кешкі жарық композициясының маңызды нүктесінің біріне айналады.

Фото: Алматы әкімдігі

Жоба аясында заманауи жарық түсіргіш құрылғылар орнату, жаңа кабель желілерін жүргізу, жарықты басқару жүйесін енгізу қарастырылған. Әкімдік жұмыс жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын нақтылады.

– Жаңаша кейіпке енген телемұнара шаһардың жарық эстетикасын айшықтайтын маңызды элемент болмақ, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы қызғылт сары түске көмкерілгенін жазғанбыз.