Алматыдағы жер сілкінісінен соң мешіттерде құрбандық шалынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Бүгін Алматы қаласындағы барлық мешіттерде құрбандық шалынды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан желідегі парақшасында жазды. 

Фото: Polisia.kz

«Атап айтқанда Медеу, Әуезов, Түрксіб аудандары мен Наурызбай, Бостандық, Жетісу, Алатау, Алмалы аудандарындағы орталық мешіттерінде құрбандық малы шалынып, мешітке жиналған жамағатпен бірге зілзала мен табиғи апаттардан сақтану үшін дұғалар оқылып жатыр», - деп жазды Төлеби Оспан.

Ол сондай-ақ түнгі уақытта жер сілкінісінен үрейленіп, үйлерін тастап, көшеге шыққан қала тұрғындарына қаланың барлық мешіті есіктерін ашып, жұртты паналатқанын жазды.