Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
10:03, 12 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
12 мамыр күні таңертең Астана уақытымен сағат 06:33–те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары 41,682° с. е. және 74,960° ш. б., ал тереңдігі 10 км құраған.
Жер сілкінісінің магнитудасы MPV шкаласы бойынша 4,8-ге жетті, ал энергетикалық класы 10,4 болды.
Қазақстанның елді мекендерінде есептік қарқындылығы байқалған жоқ.
Бұған дейін Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінгенін жазған болатынбыз.