Алматыдан 253 шақырым қашықтықта жер сілкінді
09:58, 16 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Жұма күні таңертең Алматыдан 253 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді.
— 16 мамыр күні Астана уақыты бойынша сағат 05:12-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, — делінген орталық таратқан хабарламада.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 253 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары 42,235° с. е. және 79,698° ш. б.
Қазақстанның елді мекендерінде есептік қарқындылығы байқалған жоқ.
Еске салсақ, 12 мамырда Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген болатын. Біршама сағаттан кейін жер сілкінісі тағы сезілген.