Алматыдан 364 шақырым аумақта жер сілкінді
22:44, 30 Қыркүйек 2023
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 30 қыркүйекте сағат 20:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,5.
Магнитудасы MPV 4.0.
Жер сілкінісінің координаттары солтүстік-батыс бойынша 42,30° c.e. 81,18° ш.б.
Тереңдігі – 20 км.
Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.