Алматыдан 516 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Фото: Pixabay

Бүгін, 6 қаңтар Алматы уақытымен түскі 14:26 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 516 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.1.

MPV магнитудасы — 4.3.

Тереңдігі — 15 шақырым.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.