Құтқарушыларды оқыту Алматы қаласының альпинизм федерациясының тәжірибелі ұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізілуде. Жобаны ұйымдастырушы – Алматы қаласының туризм басқармасы.
– Оқу бағдарламасы құтқару операцияларының негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге, сондай-ақ төтенше жағдайларда ұйымдастыру және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтардан тұрады, - деп хабарлады әкімдіктен.
Теориялық дайындық барысында құтқарушылар құтқару операцияларын жоспарлаудың негізгі аспектілерін, тәуекелдерді бағалауды, арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдануды және таулы жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету техникасын үйренбек. Практикалық дайындық нақты таулы рельеф жағдайында 1-2 күрделілік деңгейіндегі Іле Алатауының классификацияланған альпинистік маршруттарында 3-разряд нормативін орындау арқылы өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы құтқарушыларының ескірген аяқ-киімге шағымы туралы жазғанбыз.