Алматылық дәрігерлер жүкті әйелге күрделі операция жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қалалық №8 клиникалық аурухана дәрігерлері жүктілігі 5 айдан асқан әйелдің жатырына күрделі операция жасады.

Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Аурухана баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 36 жастағы алматылық әйелге алғаш скрининг жасағанда жатыр қуысында көлемі 10 см болатын жыныс безі анықталған. 

«Екінші скрининг кезінде бездің 11 см дейін ұлғайғаны белгілі болды. Оның онкологиялық ауруға айналып кету қаупі жоғары болғандықтан, жүкті келіншек хирургиялық емдеу үшін портал арқылы №8 қалалық клиникалық ауруханаға жіберілді. Мұнда сол жақ аналық безге цистэктомия жасау мақсатында лапароскопиялық араласу жасалды. Ота сәтті өтіп, науқас гинекологтың бақылауында болу ұсынысымен үйне шығарылды», - дейді Алматы №8 қалалық клиникалық ауруханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Цай.

Жүкті келіншек баласын аман-есен өмірге әкелгенге дейін дәрігерлердің жіті бақылауында болады.