Алматылық инвесторларға 103 млн теңге салық заңсыз есептелген
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық прокурорлар 31 инвесторға негізсіз есептелген салық төлемдерін қайтарды.
Прокуратура Алматы қаласындағы индустриялық аймақтың 31 қатысушысына (4,5 мың жұмыс орнын құру перспективасы көзделген 188,1 млрд теңгенің жобаларын іске асыратын) жер телімдерін пайдаланғаны үшін 103 млн теңге салық төлемдерінің негізсіз есептелгенін анықтады.
– Атап айтқанда, мемлекеттік кіріс органдары Салық кодексінің талаптарын (709-баптың 10-тармағы) және инвесторлардың индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 %-ға азаяды,–деп хабарлады прокуратурадан.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға, негізсіз төлеген ақшалары қайтарылды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкі мемлекетке қайтарылғаны туралы жазған едік.