Алматы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді. Әуе бортына су сору құралдары, қажетті апаттық- құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүргізілді.
«Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жеке құрамға азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша өз борышын мінсіз орындауды тапсырамын», - деді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.
Еске салсақ, бұған дейін 31 наурызда алматылық құтқарушылар «Ворошилов» су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан болған қауіпті жою бойынша облыстағы әріптестеріне көмекке жіберілген болатын.
Сондай-ақ алматылықтардың бүгін Атырау облысына гуманитарлық көмек жібергенін хабарлағанбыз.