Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жою жұмыстарына алматылық құтқарушылар атсалысып, оңтүстік өңірден жіберілген арнайы технике жұмылдырылған.
«Жұмыста арнайы өрт сөндіруге арналған сорғы-жең машинасы, және секундына 110 литр өнімділігі бар сорғы станциясы бар өртке қарсы автокөлік жұмылдырылған. 4 күн ішінде құтқарушылар 30 мың м3 астам суды ағызып тастады. Осылайша су басқан елді мекенде су деңгейін төмендетті» — деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.