Алматылық оқушылардың қала сыртындағы жазғы демалысы басталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 20 маусымнан бастап қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне алматылық оқушылардың алғашқы легі аттанды.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Білім басқармасы ерекше білім беруді қажет ететін 100 баланы «Балдәурен» балалар лагеріне 10 күнге сауықтыру демалысына жіберді. Лагерь Қапшағай су қоймасының әдемі солтүстік жағалауында орналасқан.

Фото: Алматы әкімдігі

Балалардың демалысын қызықты өткізуі, түрлі іс-шараларға қатысуы және жаңа достар табуы үшін барлық жағдай жасалған. Педагогикалық білім мен медицина қызметкерлері бар арнайы дайындалған кеңесшілер балалардың қауіпсіз және жайлы тұруын қамтамасыз етуге дайын.

«Биыл қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін балалар лагерлерінде бақылау күшейтілді. «Балдәурен» лагерінде қатаң санитарлық бақылау, аумақтың қауіпсіздігін арттыру және балаларды жүйелі түрде медициналық тексеруден өткізу сияқты қосымша шаралар енгізілді», - дейді Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Рафаэль Гасанов.

Фото: Алматы әкімдігі

Сарапшылардың айтуынша, бұл балалардың жазғы демалысын барынша қауіпсіз және ең қолайлы ортада өткізуін қамтамасыз етеді.

Алматыда биыл 266 мың сауықтыру және жұмыспен қамту сынды екі бағытта жазғы демалыспен қамтылады.

Оның ішінде 3 мыңнан астам бала қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалатын болады.

Осыған дейін Алматыда мектеп жанындағы лагерлерге 300 млн теңге бөлінгені туралы жазған едік.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі