«Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде велоспорт мәдениетін дамыту, сондай-ақ Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін және азаматтар арасындағы бірлікті нығайта түсетін негізгі заң ретіндегі маңыздылығына назар аудару болды», - деп хабарлады қалалық Спорт басқармасынан.
Велошеру салтанатты түрде ашылып, мәре сызығында екі заманауи велосипедтің жүлде ұтысының нөмірлерін таратудан басталды. Қаланың жоғарғы бөлігіне жиналған 500-ден астам әуесқой және кәсіпқой спортшылар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан полиция көліктерінің сүйемелдеуімен Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтіп, Тұңғыш Президент саябағындағы велошеруді аяқтады. Маршруттың жалпы ұзындығы 7,7 шақырым болды.
Велошеру нәтижесінде мәреге бірінші жеткен Алматы қаласының тұрғындары Константин және Мирас бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының әкімі алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылатынын айтқан болатын.