«Алматы Су» мекемесінің мәліметінше, көпқабатты үйлердің тұрғындары шамамен 250 млн теңге, ал жеке сектор тұрғындары 300 млн теңгеден астам қарыз болған.
— Коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу қажет. 26-сынан бастап төлем жасалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі. Берешек ұзақ уақыт өтелмесе, су беру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ қарыз сот арқылы өндіріліп, борышкер өсімпұл мен сот шығынын да өтеуге міндеттеледі. Су беруді шектеуге үш күн қалғанда тұтынушыға алдын ала ескерту жасалады, — делінген мекеме хабарламасында.
Сонымен қатар «Алматы Су» тұрғындарға қосымша шығынға ұшырап, берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларына жол бермеу үшін төлемді тексеріп, қарызды уақытылы өтеуге кеңес берді.
Еске салайық, үйде немесе пәтерде қолданатын су үшін қалай артық төлемеуге болатынын жазғанбыз.