Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
11:55, 16 Желтоқсан 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімі Ерболат Досаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Тәуелсіздік монументі алдындағы салтанатты шараға қала тұрғындары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысты.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттің тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрмелі оркестрі және сарбаздарының Қазақстан Республикасы Гимн орындауымен аяқталды.
Айта кетейік, Тәуелсіздік монументі Республика алаңында 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылған болатын.
Бүгін Қазақстанның Тәуелсіздігіне 33 жыл толды.