Экология және табиғи ресурстар министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, өзгеріс су арнасын тұрақтандырушы құрылғыны тазалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін болған.
– «Қазселқорғау» мекемесінің ақпараты бойынша, өзен арнасында су ағысын тұрақтандыру құрылғысын тазалау жұмыстары жүргізіліп, соның салдарынан суға тот бөлшектер түсіп, түсі өзгерген, - делінген хабарламада.
Қазір арнайы зертхана мамандары өзен суын тексеріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Есентай өзенінің жағалауын көркейтуге 11 млрд теңге жұмсалатынын жазған едік.
Өзеннің бойы инвестор есебінен абаттандырылады. Әл-Фараби даңғылынан бастап Рысқұлов даңғылына дейінгі 7,2 шақырым болатын өзен арнасы ретке келтіріледі.
Осыған дейін буырқанып аққан Есентай өзені алматылықтарды алаңдатып қойғаны туралы жаздық.