«Алматы су», «Алматы жылу жүйесі», «АлматыЭнергоСбыт» және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалынан алынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша алматылықтардың қарызы келесідей:
- Сумен жабдықтау қызметтері бойынша 308 млн теңге;
- Кәріз қызметтері бойынша 117 млн теңге;
- Жылу энергиясы бойынша 1 млрд 587 млн теңге;
- Электр энергиясы бойынша 90 млн теңге;
- Тұтынылған тауарлық газ бойынша 808 млн теңге.
Ал жеке тұлғаның әр коммуналдық қызмет бойынша ең жоғары берешегі мынандай:
- сумен жабдықтау қызметтері үшін 534,7 мың теңге;
- кәріз қызметтері үшін 245,9 мың теңге;
- жылу энергиясы үшін 1,03 млн теңге;
- электр энергиясы үшін 1 млн 786 мың теңге;
Айта кеткен жөн, сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметтері бойынша төленбеген берешек 16 жыл болса, жылу энергиясы мен электр энергиясы бойынша 3 жыл бойы төленбей келе жатқан қарыздар бар.
Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында 5 мыңға жуық абонент көгілдір отын желісінен уақытша ажыратылғанын жазғанбыз.
Осыған дейін Маңғыстауда бір топ тұрғын алаяққа жем болғандарын айтып, облыстық прокуратураның алдына жиналды.