«Кезектен тыс комиссия отырыстың қорытындысы бойынша Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы болжамды полигоны аумағында 70 пайыз ықтималдықпен жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін, алайда елеулі қауіп төндірмейтін қайталама дүмпулер болуы мүмкін екені айтты», - делінген хабарламада.
Комиссияның шешімі негізінде Төтенше жағдайлар департаменті тұрғында тұрғылықты жеріне оралуына болады деген шешімге келген.
Бұған дейін сейсмологтар Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайтынын айтқан болатын.