Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту келді

Фото: Анадолы

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 23 қазан күні Алматы тұрғындарына жер сілкінісіне байланысты ескерту келді. 

Хабарламада тұрғындарға қауіпсіз жерлерді паналауға және дүмпулер басылғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялануға кеңес берілген.

— Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз. Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз, — делінген ескертуде.

Фото: Kazinform

Сонымен қатар, қосымша ақпараттың Алматы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланатыны айтылған.

Хабарлама мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылды. 

Кейінірек ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС Алматыда жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер асты дүмпуінің сезілгені жөніндегі ақпарат нақтыланып жатыр.