Алматыны жаңажылдық безендіруге жарты млрд теңге жұмсалады
19:00, 20 Желтоқсан 2023
Санаулы күндерден соң жаңа 2024 жыл басталады. Осы орайда Алматы әкімдігі мегаполисті жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Әкімдіктің мәліметінше, қаланың әр ауданын безендіруге орта есеппен қалалық бюджеттен 60 млн теңге бөлінді. Айту керек, Алматыда бүгінгі күні 8 аудан бар.
"Бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша шығыстардың жалпы сомасы ҚҚС есебімен 511 762 709 теңгені құрайды", - делінеді әкімдіктің хабарламасында.
Еске салсақ, өткен жылы мегаполистегі жаңажылдық безендіруге бюджеттен 360 млн тенге бөлінген болатын.