Алматының 28 панфиловшы саябағындағы мемориалға гүл шоқтары қойылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Премьер-Министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған делегация 28 панфиловшы саябағындағы Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Аталған іс-шараға қатысушылар майдан даласында қалған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағызым етті.
Фото: Александр Павский/ KazinformФото: Александр Павский/ KazinformФото: Александр Павский/ Kazinform
Ресми дерекке сүйенер болсақ, соғыс жылдары майданға 1,3 млн қазақстандық шақырылды. Қазақстанның 100 мыңнан астам сарбазы жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды.
Қазір Алматыда 21 соғыс ардагері тұрады.
Бұған дейін Президент Телерадиокешені соғыс ардагері Жақан Сейсебаевты 100 жасымен құттықтаған болатын.
Айта кетейік, 11 сәуір күні Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.