Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.
— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес танысып жатыр, — делінген хабарламада.
Полицияның хабарлауынша, танысу рәсімдері аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сот қарауына жолданады.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейінірек Алматы полициясы көшедегі көлік жарыстары туралы мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жол апатына көше жарысының себеп болғаны және оған полицияның жоғары лауазымды тұлғасының қатысы туралы желіде тараған ақпараттарға пікір білдірді.