Алматының Арбатында жастар арасында жаппай төбелес болды

Фото: Фото: СҚО ПД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Түнгі төбелеске байланысты тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.

Жас жігіттердің арасындағы жанжал бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде «102» пультіне қоңыраулар келіп түспеген. Алайда жарияланған бейнематериалдар бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Төбелеске қатысушылар анықталған.

- Қазіргі уақытта олардың әрқайсысына құқықтық баға берілетін болады.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, әсіресе, агрессивті және зорлық-зомбылықпен ұштасатын әрекеттердің заң аясында қатаң түрде жолы кесіледі, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаппай төбелес болып, екі адам пышақ жарақатын алғанын жазғанбыз.

Оның алдында Алматы мейрамханаларының бірінде өзара таныс ер адамдар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқаны туралы жазған едік.