Алматының «Барахолкасында» 67 заңсыз сауда нысаны бұзылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда заңсыз сауда орындарына қарсы жұмыс жүріп жатыр.

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, мониторинг барысында қаладағы автотұрақ орындарында заңсыз салынған сауда орындары анықталған.

Осыған орай Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі негізінде «Адем» сауда орталығының алдындағы автотұрақта орналасқан 30 заңсыз құрылым бұзылған.

Фото: Алматы әкімдігі

Одан бөлек сот «Ялян» сауда орталығында осыған ұқсас 37 сауда нүктесін алып тастау туралы қаулы шығарған. Қазіргі уақытта сот орындаушылары бұл шешімнің негізінде нысанды бұзу жұмыстарын бастады.

- Автотұрақтардағы заңсыз сауда нысандарын анықтау және жою жұмыстары жалғасады. Азаматтар мен бизнес өкілдері автотұрақтарды пайдалану ережесін қатаң сақтауға тиіс, - деп хабарлады «Алматы паркинг» мекемесі.

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда «Арыстан» базары сүріліп жатқанын жазғанбыз.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі