«Құрметті бас ботаникалық бақтың қонақтары, біз 31 қазан күні жабық болатынымызды хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады7 Ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 18:00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады ботаникалық бақтан.
Еске салайық, 9 қазаннан бастап ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өзгерген болатын.
Бұған дейін Алматының бас ботаникалық бағы құрылысы аяқталмаған жылыжайды қалпына келтіруге қатысты дабыл қағып, демеушілер іздеп жатқанын жазғанбыз.