Алматының Бостандық ауданында жаңа саябақ бой көтереді
21:08, 02 Тамыз 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жаңа саябақ Жароков пен Си Синхай көшелерінің қиылысында орналасқан. Жалпы аумағы — 4,1 гектар.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда аумақта жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, балаларға ойнауға ыңғайлы алаңқайлар орнатылып, жарықтандыру жүйесі мен шағын сәулеттік элементтер қойылып жатыр. Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп, 120-дан астам ірі ағаш, атап айтқанда жөке, талшын және қарағай отырғызу көзделген.
— Жаңа саябақ алматылықтардың тынығып, серуендейтін заманауи әрі жайлы мекеніне айналмақ, — деп хабарлады әкімдіктен.
Барлық жұмысты қазан айында аяқтау жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында жаңа спорт саябағы болатынын жазғанбыз.