Алматының Бостандық ауданында жаңа саябақ бой көтереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жаңа саябақ Жароков пен Си Синхай көшелерінің қиылысында орналасқан. Жалпы аумағы — 4,1 гектар.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда аумақта жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, балаларға ойнауға ыңғайлы алаңқайлар орнатылып, жарықтандыру жүйесі мен шағын сәулеттік элементтер қойылып жатыр. Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп, 120-дан астам ірі ағаш, атап айтқанда жөке, талшын және қарағай отырғызу көзделген.

Фото: Алматы әкімдігі

— Жаңа саябақ алматылықтардың тынығып, серуендейтін заманауи әрі жайлы мекеніне айналмақ, — деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Алматы әкімдігі

Барлық жұмысты қазан айында аяқтау жоспарланған.

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында жаңа спорт саябағы болатынын жазғанбыз.