Алматының Бостандық ауданында жылу желілері зақымданды

Фото: Валерий Бугаев

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бостандық ауданында жылу желілері зақымданып, бірнеше тұрғын үйде ыстық су өшірілді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Мұстафин және Торайғыров көшелерінің қиылысында жылу желілерінде апатты ақау тіркелген. Аталған желілер үш көппәтерлі тұрғын үйді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

— Қазір «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның жөндеу қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық қажетті шаралар аяқталған соң, аумақ толық абаттандырылып, жаяу жүргіншілер аймағы бұрынғы қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік пен сабыр танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, — деп хабарлады Бостандық ауданының әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін Алматының бір ауданында апатқа байланысты ыстық су өшірілді.