Алматының ботаникалық бағы 3 қаңтарға дейін жабық болады
14:56, 29 Желтоқсан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтардың сүйікті орындарының бірі мерекеге орай бірнеше күнге жабылады.
Алматы қаласы Бас ботаникалық бағының баспасөз қызметі қоғамдық кеңістік 31 желтоқсан және 1, 2 қаңтар күндері жабық болатынын хабарлады.
— Ботаникалық бақ 3 қаңтардан бастап жұмысын бастайды. Жұмыс уақыты өзгеріссіз: сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін ашық болады. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30, — деп хабарлады бақтан.
Еске салайық, 2025 жылдың 15 қазанынан бастап Алматының ботаникалық бағы қысқы жұмыс кестесіне ауысты. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн өтеді.
Бұған дейін мегаполистің ботаникалық бағында аққуға қатыгездік көрсеткен азамат 7 күнге қамалғанын жазғанбыз.