Алматының ботаникалық бағы мереке күндері жұмыс істей ме
23:18, 25 Желтоқсан 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының бас ботаникалық бағы Жаңа жылдық мерекеге байланысты жабылады. Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Құрметті бас ботаникалық бақтың қонақтары, Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз және бас ботаникалық бақ 31 желтоқсанда, 1 және 2 қаңтарда жабық болатынын хабарлаймыз, — деп атап өтті ботаникалық бақтан.
Ботаникалық бақ 3 қаңтардан бастап қайта жұмыс істейді.
Еске салайық, 9 қазаннан бастап ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өзгерген болатын.
Осыған дейін бас ботаникалық бақта «Арқалан» табиғи петроглифтер паркі ашылған еді.
Бұдан бөлек, Алматы ботаникалық бағындағы оранжерея мәселесі әлі шешілмегенін жазған едік.