8 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданында Фуркат көшесі – Райымбек даңғылы – «Үлкен Алматы» өзені – Төле би көшесі, «Тастақ-1» ықшам ауданы, №1-10 контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға су беру уақытша тоқтайды.
10 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы ауданында Төле би көшесі – Тілендиев-Құлымбетов-Волховская, Төле би №278, 280, 282, 284 көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.
«Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін су саласында тарифті қалыптастырудың жаңа қағидалары әзірленгенін жазған едік.
Сондай-ақ Алматыда суды үнемдеу үшін 4 деңгейлі жаңа тариф енгізілгенін жазғанбыз.