Алматының бірнеше ауданында демалыс күндері жәрмеңке өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтар жыл басынан бері демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерден 10 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алған.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаңтар-мамыр айларында шаһарда 40-тан астам жәрмеңке өтіп, оған 450 мыңға адам жуық қатысты. Жәрмеңкелерге Алматы қаласы мен Алматы облысынан 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен фермерлер қатысып жүр.
Алматылықтар жәрмеңкеде алатын негізгі азық-түлік түрлері: көкөніс пен жеміс, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, шұжық, бал, нан өнімдері және тәттілер — барлығы 1000-нан астам тауар түрлері жатады.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін келесі мекенжайларда өтеді:
• Алмалы ауданы — Масаншы көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесінің арасы);
• Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
• Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағын ауданы (әл-Фараби даңғылының үстінде);
• Медеу ауданы — Меңдіқұлова бульвары — Бектұрова көшесі;
• Алатау ауданы — «Мәдениет» тұрғын үй кешені.
Еске салайық, 1 маусымда Алматыда жол жөндеу жұмысы басталады.