– Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі электр желілеріндегі апатқа байланысты «Асқартау», «Ерменсай», «Ақтөбе» ықшам ауданының тұрғындары сусыз қалады. Алдын ала болжам бойынша, электр энергиясының берілу уақыты – 16:00, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін атамыш аймақтың тұрғындары су сорғы станциясындағы апаттың салдарынан бір аптаға жуық сусыз қалып, жаңбыр суын шелекпен жинағанын жазғанбыз. Ал, Алматы қаласының әкімдігі «Асқартау», «Ерменсай», «Ақтөбе» шағын аудандарының 20 мың тұрғынын сусыз қалдырған компанияны сотқа беретінін хабарлаған болатын.