2 қазан сағат 22:00–ден 3 қазан сағат 09:00–ге дейін Момышұлы көшесі — Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
Ал Алатау даңғылы — Төле би көшесімен қиылысында 3-4 қазан күндері сағат 08:00–ден 18:00–ге дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жұмыс жүргізілетін аумақта көлік қозғалысы кезекпен ұйымдастырылады.
Сондай-ақ 3 қазан сағат 09:00–ден 4 қазан сағат 09:00–ге дейін Төле би көшесі — Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін жол жабық.
3 қазан сағат 08:00–ден 4 қазан сағат 20:00–ге дейін Абылай хан даңғылы — Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейін көлік қозғалысы толық жабылады.
— Аумақтарда ескерту жол белгісі орнатылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлады.