Алматының денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға 69,4 млрд теңге бөлінеді

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге артып, 26,3 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, осы жылдың соңына дейін 2 жаңа емхананың құрылысы мен 5 ірі аурухананы жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілетін болады.

Биыл Алматыда екі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығы мен 1 емхана, сондай-ақ Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының жаңа корпусы ашылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан бөлек, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанынан Ерте араласу орталығы құрылды.

Енгізілген ерте араласу үлгісі баланың дамуындағы ауытқушылықтарды ерте анықтау және бағалау, баланың ата-анасын қолдау, көрсетілетін қызметтерді үйлестіру, баланың үлгерімін үнемі қадағалау арқылы үздіксіз бағалау және бақылау принциптеріне негізделген. Бағдарламаның бірегейлігі – бала дүниеге келген кезінен бастап үш жасқа дейінгі физикалық, когнитивті, эмоционалды және әлеуметтік даму үшін маңызды кезеңді қамтиды.

Фото: Алматы медицина

Айта кетерлігі, 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге артып, 26,3 млрд теңгеге жетті. 2025 жылы тағы 2,6 есеге өсіп, 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ.