Қала әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 мм және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 27 шілде сағат 09:00–ден 31 шілде сағат 18:00–ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі, Фариза Оңғарсынова көшесімен шектелген аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.
— Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Құлжа тас жолы мен Әшімов көшесінде қозғалыс шектелді.