Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын.
«Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылды, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды», — деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінен.