Айтуынша, биыл қаланың 54 мешіттің 50 -інде құран хатым түсіріліп, тарауық намазы оқылады. Сонымен қатар Алматының орталық мешітінде күн сайын 500 адамға арналған үлкен ауызашар өтетін «Рамазан шатыры» құрылады.
«Ораза айы Наурыз мерекесімен сәйкес келетіндіктен, кешкі ауызашар кезінде мешіт қонақтарына наурыз көже мен бауырсақ таратылады. Ауызашар өтетін орындар қазақы өрнектерімен безендіріліп, Рамазан айының құрметіне «Жарапазан» орындалады», - деді Төлеби Оспан.
Еске салайық, биыл Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады.