Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Берікбол Мәндiбаев Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болды.

— Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Берікбол Мәндiбаев қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды, - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Берікбол Мәндiбаев 1986 жылы 12 наурызда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ұлыбританиядағы University of Exeter оқу орнын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы Ішкі саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Алматы әкімінің аппараты құрылымында қызмет атқарды.

2017-2024 жылдары бірқатар мемлекеттік орган мен ұлттық компанияда еңбек етті: «Алматы» ӘКК» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша өкілдігі, «Тараз» ӘКК» АҚ.

Сонымен қатар ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінде басшылық лауазымдарда болды.

2024 жылдан бүгінге дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданы әкімі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.