ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде футзалдан суперкубок үшін ойын аяқталды.
Қазақстан чемпионы «Қайрат» пен ел кубогының иегері «Семей» командасы кім мықты екендігін анықтады.
Аса тартысты өткен матчта қос команданың да мүмкіндіктері болды.
Бәсеке тағдырын «Қайратқа» жаңадан келген бразилиялық Рафао соққан жалғыз гол шешті.
Биыл маусым айының аяғында «Қайрат» плей-офф сериясының соңғы матчында «Семейді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, ел чемпионы атанған болатын. Ал наурыз айында семейліктер алматылықтарды 5:1 есебімен қапы қалдырып, кубокты еншілеген еді.
Бұл жолы суперкубок «Қайраттың» еншісінде кетті.
Осылайша, Қазақстанда футзалдың жаңа маусымы басталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Оралда футзалдан Қазақстан суперкубогы өтетінін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).