Жоспарлы жұмыстар қаланың бірнеше ауданын қамтиды. Көпқабатты тұрғын үйлер, жеке сектор, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарда уақытша жарық өшіріледі.
Аталған жұмыстар “Әйгерім”, “Самғау”, “Түркістан”, “Шаңырақ”, “Көкқайнар”, “Ұлжан”, “Теректі”, “Ақжар”, “Алғабас”, “Қалқаман”, “Қарағайлы”, “Өжет”, “Қарасу”, “Ерменсай”, “Көктөбе”, “Ақсай”, “Алтай”, “Самал” шағын аудандарында жоспарланған. Жарық өшіру Жандосов, Саин, Райымбек, Рысқұлов, Бөкейханов, Төле би, Сейфуллин, Ақан сері, Бұрындай көшелерінде орналасқан нысандарға да қатысты болады.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын өшіру электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарымен байланысты екенін және электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін қажет екенін түсіндірді. Электр энергиясы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі, алайда кейбір учаскелерде жұмыстар сағат 18:00-ге немесе 20:00-ге дейін созылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда аптап ыстықтан электр энергиясы жаппай өшті.