«Алматы Тазалық» МКК және мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Жұмыстарға 104 арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық көлік тартылып, оның 9-ы су басу қаупі жоғары аумақтарға орналастырылды.
75 жедел бригада (425 жол саласы жұмысшысы) жасақталып, 2 300 құм толтырылған қап әзірленді. Жалпы тәуліктік кезекшілікке 2 710 жол саласы қызметкері жұмылдырылады.
Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілікке шыққан: 15 мотопомпа мен 1 ассенизаторлық көлік тартылған. Төтенше жағдайлар департаменті 53 техника мен 240 қызметкерді жұмылдырды.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, 16 сәуірде күн ала бұлтты болады, сағат 16:00–ден 17 сәуір 02:00–ге дейін кей жерлерде 17 мм-ге дейін нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы 17… 19°С.
17 сәуір күні сағат 11:00–ден күні бойы 12 мм-ге дейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 18 м/с дейін болмақ. Түнде сынап бағанасы 8… 10°С, күндіз 11… 13°С көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 16 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескерткен еді.