Алматының Наурызбай батыр көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 3 маусымда сағат 23:00-ден бастап 4 маусым сағат 08:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданына қарасты Наурызбай көшесінің бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін автокөліктердің қозғалысы жартылай шектеледі.

- Уақытша шектеулер аталған көше сегменттерінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Еске салайық, 31 мамырдан 20 шілдеге дейін Бөгенбай батыр көшесінің бір бөлігі, 31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің бір бөлігі жабылады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі. 2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Ғабдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.