Алматының негізгі көшелерінде көлік кептелісі пайда болды

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісінің видеолары жарияланып жатыр.

2GIS қосымшасында қала көшелерінің басым бөлігі қызыл-сары түске боялған, әсіресе әл-Фараби, Абай даңғылдары мен Саин, Жандосов, Жароков, Розыбақиев көшелері.

Көлік қозғалысының барлық бағытта дерлік тоқтап қалғаны айқын байқалады. Мұндай уақытта ірі мегаполисте мұншалықты көлік кептелісі сирек кездеседі.

Фото: Видеодан алынған скрин

Kazinform агенттігі жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін қалалық полицияға сауал жолдап қойды.

Осыған дейін Астанада 9 балдық кептелістер тіркелген еді.